Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымына мүше елдердің президенттері бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымына мүше елдердің президенттері бас қосады

23.11.2023

Бүгін Минск қаласында ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымына мүше елдердің президенттері бас қосады. Саммитте әлем мен аймақтағы мәселелер талқыланып, алдағы маңызды міндеттер айқындалмақ.

Ал кеше Беларусь астанасында ұйым елдерінің сыртқы істер, қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен отырысы өтті. Жиында өңірдегі әскери-саяси жағдай және ұйымның сессияаралық қызметі талқыланды. Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Премьер-министр орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қазақстан Ұйымды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, сыртқы істер министрлері Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатында өзара іс-қимылдың маңыздылығы көрсетілген бірлескен мәлімдеме қабылдады. Келер жылы ұйымға Қазақстан төрағалық етеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу