Астанадағы көпсалалы медицина орталығында жаңа әдіспен ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы көпсалалы медицина орталығында жаңа әдіспен ота жасалды

22.11.2023

Алғаш рет Астанадағы көпсалалы медицина орталығында жаңа әдіспен ота жасалды. Өкпеге жасалған күрделі операция 3 сағатқа созылды. Дәрігер 55 жастағы ер адамның өкпесінен ісікті алып шықты. Отадағы мастер класты алматылық дәрігер Валерий Макаров көрсетті. Бұл операцияның ерекшелігі неде? Ол бұған дейін қалай жасалған? 

Астана қаласындағы көпсалалы медициналық орталықта бұған дейін мұндай ота жасалмаған. Қазір науқастың өкпесіне операция жасалып жатыр. Міне, өздеріңіз көргендей мұндағы операцияның ерекшелігі арнайы құралдардың көмегімен жасалып жатқандығында. Яғни, бұған дейін дәрігерлер опарецияны кесу арқылы жасаған. Міне, суреті көрсетіліп тұр. Дәл осы суреттегідей, кесу арқылы жасаса, қазір арнайы құралдардың көмегімен жүзеге асыруда.

Бақтыбай Оразбеков, Көпсалалы медицина орталығы директорының емдеу жөніндегі орынбасары:

Біз кескен кезде 10-12 см дейін, науқастың денесіне байланысты 15 сантиметрге дейін кесілетін жерлер, қазір 1 сантиметр. 1 сантиметрден екі жерден кесіледі. Одан кейін 0,5 смден екі жерден кесіледі. Сонда 4 жерінен кесіледі. Ерекшелігі кісілер, науқастар реабилитациясы операциядан кейінгі тезірек болады. Қолмен кесіп жасағаннан қаорағанда тораскопический жасаған кезде восстановлениесі тезірек болады.
Дәл қазір осы операцияны тікелей эфирде еліміздің әр жерінен дәрігерлер көріп отыр. Өздерінің сұрақтарын да қойып жатыр. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай камера орнатылған. Операция тікелей эфирде жүргізіліп жатыр.

Валерий Макаров, Алматы өңірлік көпсалалы аурухана дәрігері:

Мастер класс аясында жасалған ота сәтті аяқталды. Тораскопиялық әдісті біз 2011 жылдан бастап зерттеп келеміз. Бір емес,бірнеше елдің клиникаларында болдық, тәжірибе алмастық.
Бүгінгі ота наркозбен жасалды. Ал, мастер класты көрсеткен дәрігер Валерий Макаров өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандарға тіпті наркозсыз ота жасауға болатын айтады. Науқас ол кезде сөйлеп жатады, тіпті су сурап іше алатынын айтты. Еуропа еліндегі жаңашылдықты меңгеріп келген Алматыдағы өңірлік көпсалалы аурухана дәрігері енді бұл тәжірибесімен әріптестерімен бөліседі.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу