Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланыс жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланыс жанданады

22.11.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның ірі инвестициялық SOVICO Group компаниясының басшысы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады. Кездесуде іскерлік байланыстың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтасу мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы вьетнамдық конгломераттың Қазақстандағы іскерлік белсенділігін құптап, өзара ынтымақ орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімін білдірді. Қазақстанда сауда-логистика орталығын ашуға ниетті Вьетнамның алып компаниясының табысы былтыр 20,6 млрд долларды құрағанын айта кетейік.


Хабарламаларға жазылу