Депутат: Ойын автоматтарына тыйым салу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Ойын автоматтарына тыйым салу қажет

22.11.2023

Лотерея терминалдарының импортына тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев дүкендерде, жертөле мен мектеп іргесінде орналасқан ойын автоматтарын тексеріп, оның жұмысына толықтай шектеу қоюды ұсынды. Оның сөзінше, жасыл-сары түсті заңсыз терминалдардың есебін бүгінде ешкім білмейді. Оны қадағалайтын мемлекеттік органның болмауынан бюджетке салық та түспейді. Депутат мұндай ойын жәшіктерінің кесірінен балалар мектеп жасынан құмар ойынына әуестеніп, түрлі қылмысқа барып жатқанын айтты. Ал лоторея терминалдарын заңсыз жолмен жеткізу азаяр емес,- дейді Елнұр Бейсенбаев.


Хабарламаларға жазылу