Елімізде қылмыс жасау деңгейі төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қылмыс жасау деңгейі төмендеген

22.11.2023

Елімізде қылмыс жасау деңгейі төмендеген. Оның ішінде кісі өлтіру 20 пайызға, ұрлық 28, қарақшылық 32 пайызға азайған. Тонау, бұзақылық, мал ұрлығы фактілері де сиреген. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрі Мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Алайда Ержан Сәденов биыл 8 миллион 500 мың заңға қайшы әрекет анықталғанын мәлімдеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, 71 миллиард теңге өндіріп алынған.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:

Президентке біздің ішкі істер системасын жақсарту мәселесін баяндадым. Бұл жерде кадрлық жұмыс. Біздің ішкі істер саласында патриот қызметкерлер болуы керек. Өз ісіне адал қызметкерлер жұмыс істеу керек. Сол себепті біз аттестация өткіземіз. Тағы да бақылауды күшейтеміз. Президент заң мен тәртіп қағидасы аясында нақты-нақты тапсырмалар берді.

Хабарламаларға жазылу