Шығыс Қазақстанда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

22.11.2023

Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті басшысының орынбасары жемқорлықпен айналысты деген күдікке ілінді. Ол өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауапқа тартқанның орнына, одан ірі көлемде пара алған. Лауазымды тұлғаның әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және прокуратурамен бірлесіп, жасырын тергеу барысында әшкереледі. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу