Мәжілісте жемқорлардың қаржысына баспана салу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте жемқорлардың қаржысына баспана салу ұсынылды

22.11.2023

Жемқорлардың қаржысына мұқтаж жандарға баспана салу керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осындай ұсыныс жасады. Қазір еліміз бойынша 640 мың адам үй кезегінде тұр. Тізім жыл сайын 40-50 мыңға өсіеді. Солардың тек 9 мыңына ғана пәтер беріліп жатыр. Сондықтан бұл салаға қосымша қаражат тарту керек деді депутат.

Бүгін Мәжілісте баспанаға қатысты заң жобасына өзгерістер талқыланды. Енді кезекте тұрғандарға үй есепке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай беріледі. Кезекті қою және қадағалау функциясы Отбасы банкке берілмек. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу