Түркістан облысында 30-дан астам мал ұрлап, иелеріне 10 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. 6 адам алдын ала сөз байласып, жайылымдардан ірі қара малды ұрлап келген. Төрт түлікті «Газель» автокөлігіне тиеп, Сайрам ауданында етке өткізген.
Ал тапқан пайданы бөлісіп отырған. Ұсталғандар мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бар екендігі дәлелденді. Барымташылар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Айғақты зат ретінде олардан жүк көлігі мен ұрланған 5 бас мал тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айнұр Ақбаева