Газа секторында соғыс төрт күнге тоқтап, хамастықтардың қолындағы 240 израильдік азаматтың 50-ін босатуы керек. Олар - азаматтық тұлғалар, дені әйелдер мен балалар.
Және де Израиль өз түрмелерінен 150 палестиналықты шығаруға келісіп отыр. Бұған қоса, атыс уақытша тоқтаған кезде Израиль министрлер кабинеті Газаға гуманитарлық көмек пен отын енгізуге жол ашатынын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек