Израиль мен «Хамас» атысты тоқтату туралы келісім жасауға жақын. Мұны «Хамас» лидері Исмаил Хания «Рейтер» агенттігіне жолдаған мәлімдемесінде хабарлады. Дегенмен Газа секторына шабуыл әлі жасалып жатыр. Және де палестиналық қарулы топтар Израильге ракета жаудыруды бүгін де жалғастырды.
Әскери операциялардан бүгінге дейін Газада 13 мың 300 адам қаза тапқан. Сол құрбандардың 5600-і – балалар. Бұған қоса Газадағы 2,3 миллион тұрғынның үштен екі бөлігі баспанасыз қалды.
Арыстан Рысбек