Ұлттық құрама елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрама елге оралды

21.11.2023

Қазақстан футболшылары елге оралды. Ұлттық құрама ойыншыларын әуежайдан жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алып, бірге суретке түсті. Люблянадан келген футболшылардың көңіл күйі болмады. Дегенмен, ұлттық құраманың ойыншылары кеткен есені қайтаратын мүмкіндік барын айтты. Грекия командасымен өтетін аладоп бәсекесінде намысты қолдан бермейміз дейді. Бар үміт- келер жылы ұйымдастырылатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі матчта.

Әділет Барменқұлов, Қазақстан футбол федерациясының президенті:

Әттеген-ай бар. Енді бүкіл Еуропаның бәрі біздің ұлттық құраманы сыйлайды. Шығамыз соған мен бір 100 пайыз деп айтуға болмайды, алдын ала. Бірақ, сол бар күшімізді саламыз да шығамыз деп ойлаймын.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу