Шымкентте полиция қызметкерлері газдан уланған 3 жастағы бала мен оның анасын өлім аузынан аман алып қалды. Үй иесі газдың иісін сезе сала, шығуға әрекеттенген. Алайда оған әлі жетпеген соң 102-ге хабарласып үлгереді. Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторлары мен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері келді. Олар үйдің терезесін шағып, алдымен баланы сыртқа шығарады. Сонан соң, есікті ашып, анасын құтқарады. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ, жағдайлары қалыпты деп бағалап отыр.
Қаракөз Тұрмағанбет