Жаңа жылдан бастап елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов хабарлады. Әуелде баға 5 теңгеге өседі. Кейін әр 6 ай сайын қымбаттап отырады. Осылайша АИ-92 маркалы бензин құнының 70 пайызына теңестірілмек. Бұл елдегі газ тапшылығын жоюға және өндірушілердің шығынын жабуға жол ашады деді вице-министр. Ведомствоның мәліметі бойынша тұтыну көлемін қысқарту үшін автокөліктерге орнатылатын газ құрылғылары да бақылауға алынбақ.
Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ газовое оборудование тексеріледі. Қытайдан келді ме? Сапалары қандай? Оны кім қондырды? Қалай қондырды? Қай жерде қондырды? Қазір қондырушы компанияларда лецензия мүлде жоқ. Мүмкін лецензиялық қызмет жасаймыз ба? Қазір соны ойластырып жатырмыз.
Оңғар Алпысбай