EURO 2024: Словения – Қазақстан кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2024: Словения – Қазақстан кездеседі

20.11.2023

Бүгін Словения мен Қазақстан футбол құрамалары, келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Соңғы туры аясында Ұлттық құрама сырт алаңда Словения командасына қарсы ойын өткізеді.

Бүгінгі ойыннан кейін Словения мен Қазақстан құрамалары Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Ел құрамасы екі күн бұрын Словения астанасы Любляна қаласына келіп, маңызды ойын өтетін Стожице стадионында алғашқы жаттығу жұмыстарын сәтті өткізді. Бүгінгі ойында Адиев шәкірттері қолдаусыз қалмайтыны анық. Бұл ойынға Тек қана Қазақстаннан емес, оқу және жұмыс бабымен шет елде жүрген жерлестеріміз де Люблянаға келіп үлгерді. Осы ойынға Асқарбек Оратов пен Назгүл Сәкенова есімді жанкүйерлер арнайы Германиядан келіп, шешуші ойында ұлттық құрамаға барынша қолдау көрсету қажеттігін айтады.

Назгүл Сәкенова, футбол жанкүйері:

Менің ойымша, жанкүйерлердің қолдауы ерекше әсер етеді. Өйткені оларда, жалпы қарсы команданың жанкүйерлері көбірек болса, эмоционалдық бір қысым пайда болады. Сондықтан біздің даусымыздың да қатты шыққаны өте маңызды. Біздің фанаттардан өте жоғары қолдау, біздің футболшыларымыздың жақсы өнер көрсетуін күтемін. Жеңісті әрине күтемін, бірақ дегенмен осындай мүмкіндікке жеткізіп жатқанына өте қуаныштымын.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарына шет елдік мамандар да жоғары баға беруде. Бүгінде көптеген футбол жанкүйерлерінің қызыға қарайтын командасына айналды десек қателеспейміз.

Асқарбек Оратов, футбол жанкүйері:

Құрама командамыз жаңа деңгейге жетіп жатыр. Достарымыз, таныстарымыз, Германияда және жалпы Еуропада таңқалып жатыр, Қазақстан командасының жеңістеріне. Соған өте қуаныштымыз. Осы Еуро-24 ке өтсе, Германиядан барып жанкүйер болуға дайынбыз.

Шынымен де Н тобындағы маңызды ойынға басқа елдің азаматтары да арнайы ойынды тамашалуға келген екен. Осыған дейін Словения құрамасының бір рет Еуропа чемпионатында ойнағанын ескерсек, шет елдік футбол жанкүйерлерін Қазақстан құрамасының тұңғыш рет Еурододаға жолдама алуы қызықтыратыны да белгілі.

Даниэль Шульц, футбол жанкүйері:

Менің ойымша, Қазақстан құрамасында Еуропаға жолдама алатын өте керемет мүмкіндік бар. Футболшылар өздеріне сенімді және жанкүйерлері де мықты.

Словенияға қарсы ойынға жарақатына байланысты Бағдат Қайыров, Асхат Тағыберген, Бахтиер Зайнутдинов қатыса алмайды. Дегенмен ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев баспасөз мәслихатында шешуші ойынға команданың толыққанды дайын екенін жеткізді.

Ерсін Ерік, тілші:

Еуропа чемпионатының 10 туры аясындағы Словения - Қазақстан ойыны Астана уақытымен бүгін түңгі 01:45 те басталады. Ойынды «Qazaqstan» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу