Ұлттық ұланның Шымкенттегі 65/06 әскери бөлімінде борышын өтеген 97 сарбаз енді еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Олар мұндай мүмкіндікке үлгілі тәртібі, жоғары әскери дайындығы мен білім деңгейіне байланысты ие болды. Мұндай жаңашылдық Президент бастамасына сай ел жастарын мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру мақсатында жүзеге асуда. Жауынгерлерді запасқа шығарып салу салтанатында оларға арнайы сертификат табыс етілді. Мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар осы құжатпен өздері таңдаған жоғары оқу орындарына екі жыл ішінде түсе алады.
Ғани Қалмаханов