Жыл басынан бері елімізде 583 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 1 қарашаға дейін Қазақстандағы 111 200 отбасы, яғни 583 300 адам атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болған. Республика азаматтарын кедейлік шегінен шығару үшін мемлекеттік бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінді.
Елімізде табысы аз отбасылардағы 6 жасқа дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 5175 теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем берілетінін де айта кетейік. Биыл осы мектеп жасына дейінгі 182 мың балаға 941 млн 850 мың теңге қосымша төлем тағайындалды.
Қаракөз Тұрмағанбет