«Талибан» босқындардың жағдайы қиындайтынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» босқындардың жағдайы қиындайтынын ескертті

20.11.2023

Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі Пәкістаннан оралып жатқан сан мың босқынның қыс түскенде жағдайлары қиындайтынын ескертті.

Айта кетсек, Пәкістан үкіметі құжатсыз жүрген 1,7 миллион шетелдікті ел аумағынан шығару науқанын қазан айында жариялады. Сол мигранттардың миллионнан астамы - ауғандықтар.

Тәліптердің мәлімдеуінше, бұл босқындар туған жерге оралғаннан кейін азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшылығы сияқты көптеген проблемаларға тап болады.

Ресми Исламабад ауғандықтарды қарулы топтарға қосылып, шабуылдар жасағаны үшін отанына қайтарып жатқанын айтады. Мұны жоққа шығарған «Талибан» көрші ел басшылығын бұл депортацияны тоқтатуға шақырып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу