Қазақстан мен Еуропалық Одақ аса маңызды шикізат материалдарын өндіріп, өңдеуде ынтымақты күшейтпек. Брюссельдегі «Euractiv» медиа-агенттігінің алаңында Еуропарламент депутаттары мен сарапшылар осы мәселені талқылады. Жасыл энергияны дамыту үшін Еуропа елдері сирек кездесетін 34 металға зәру. Оның 18-ін біздің ел өндіріп, өңдеп отыр. Осы саладағы ынтымақтастық Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы алыс-берісті арттырады-дейді сарапшылар. Былтыр өзара сауда айналымы 40 млрд долларды құраған.
Аксель Готальс, Азиялық зерттеулердің Еуропалық институтының директоры:
Еуропалық Одаққа қажетті шикізатқа Қазақстан бай. Оны тек экспорттап қоймай, сол жерде өңдеу ел экономикасына қомақты кіріс әкеледі. Осы аса маңызды шикізатты «Транскаспий»көлік дәлізі арқылы Еуропаға жеткізу-екіжақты қатынасты күшейтеді.
Думитру Форнеа, Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитеттің мүшесі:
Аса маңызды шикізат материалдарынан бөлек біз азаматтардың байланысы, инфрақұрылымды дамыту,басқа да салаларда ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз. Еуропалық Одақ үшін Қазақстан мықты әрі сенімді серіктес.
Нұрсұлу Қасым