Израиль әш-Шифада эвакуация жүргізуді талап еткенін жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әш-Шифада эвакуация жүргізуді талап еткенін жоққа шығарды

18.11.2023

Израиль қорғаныс армиясы Әш-Шифа ауруханасында эвакуация жүргізуді талап еткенін жоққа шығарды. Бұған дейін «Әл-Жазира», «Әл-Арабия» телеарналары, Израиль әскерилері дауыс күшейткіштер арқылы осындай бұйрық берді деп хабарлаған еді. Алайда Цахал ауруханадағы науқастарды қауіпсіз бағыт арқылы көшіруге мүмкіндік бергенін айтты.

Израиль армиясы бірнеше күннен бері Газадағы ең үлкен Әш-Шифа ауруханасында тінту жүргізіп жатыр. Емдеу мекемесі аумағынан Хамасқа тиесілі қару-жарақ пен туннель тапқанын мәлімдеді. Алайда бұған дәлел келтірген жоқ. Хамас болса, Әш-Шифаны әскери мақсатта қолданғанын жоққа шығарып отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу