«Оператор РОП» компаниясының негізін қалаушы шартты түрде 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оператор РОП» компаниясының негізін қалаушы шартты түрде 7 жылға сотталды

18.11.2023

«Оператор РОП» компаниясының негізін қалаушы Шынар Мұхтарова шартты түрде 7 жылға сотталды. Сондай-ақ ол 10 жыл бойы лауазымды қызметті атқара алмайды. Бұл шешімді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Шынар Мұхтарова 2018 жылы утилизация алымы жинағынан, 920 млн теңге мөлшерінде заңсыз дивиденд алды деп айыпталды. Сонымен қатыр Экологиялық кодекстің талаптарын бұзған. Ол Интерполдың көмегімен Дубайда ұсталған еді.

Тәуір Бозекен


Хабарламаларға жазылу