Зиянды еңбек жағдайында жұмысшыларға өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиянды еңбек жағдайында жұмысшыларға өтемақы төленеді

18.11.2023

Енді зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Бұл туралы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Министр өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесуде әлеуметтік төлем 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін тоқтаусыз берілетіндігін атап өтті. Яғни жұмысшы 8 жыл қатарынан әлеуметтік төлем алады. Өтемақы тиісті 4 жауапты мекеме тарапынан төленеді. Атап айтар болсақ, республикалық бюджет, жұмыс берушінің тарапынан, сондай-ақ, сақтандыру компаниясы мен бірыңғай зейнетақы қорынан қарастырылған.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Біздің енді әлеуметтік партнерлар мен бірге қосылып заң жобасын әзірлеп, қазіргі уақытта заң жобасы мәжіліс депутаттарымен мақұлданып, Сенатқа жолданып отыр. Сол заң жобаның тарапынан қызыметкерлерге зиянды жағдайда жұмыс жасайтын негізгі төлемдер тағайындалады.

Дәурен Доғдырбай


Хабарламаларға жазылу