Алматыда ауруханадағы бөлімшелер жабылып, дәрігерлер демалысқа жіберілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ауруханадағы бөлімшелер жабылып, дәрігерлер демалысқа жіберілген

17.11.2023

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың екі бірдей нейрохирургиялық бөлімшесінің жұмысы тоқтатылды. 6 дәрігер еңбек демалысына жіберілген. Салдарынан жоспарлы түрде ем қабылдауға келген науқастарды аурухана қабылдамай жатыр. Бұған не себеп? Дертіне дауа іздегендер енді қайда барады? Мәселенің мән-жайын тілішіміз анықтап көрді.

Гүлмира Хабибуллина жуырда ғана ұлын тексертіп, миында қатерлі ісік барын білген. Мамандар перзентіне тез арада ота жасату керектігін ескерткен. Портал бойынша Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохиргия бөлімшесіне жүгінген. Бірақ оның жабылып қалған естігенде төбемнен жай түскендей болды дейді.

Гүлмира Хабибуллина, Алматы облысының тұрғыны:

Бізде нейрохирургияны жауып тастапты. Бізге, халыққа, нейрохиругия керек. Енді қайда барарып, кімге жүгінерімді білмеймін. Операция керек.

Ауруханадағы ми потологиясы және омыртқа жотасына ота жасайтын №1 және №4 бөлімшелері қараша айының басында жабылған. Бұған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінетін қаражаттың таусылуы себеп,-деп отыр аурухана тарапы. Алайды МӘМС мұнымен келіспейді.

Тілеухан Әбілдаев, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының директоры:

Биылғы жылға №7 ауруханаға салынған қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық салынған болатын. МӘМС қорының Алматыдағы филиалының №7 қалалық клиникалық аурухадағы нейрохиргиялық бөлімшенің жабылғанына ешқандай қатысы жоқ. Бұл деген сол аурухананың басшылының жұмысты қалай ұйымдастырып отыруына, қаржыны қалай жаратқанына байланысты.

Аурухананың жабылған нейрохиргия бөлімшесінде жұмыс істеген дәрігерлердің кейібірі еңбек демалысына жіберілген. Ал, МӘМС қорынан бөлінген қаражаттың таусылуын аурхана өкілдері былай түсіндірді.

Мақсат Мамырқұл, №7 қалалық клиникалық ауруханасы медициналық статистика және стратегиялық даму бөлімінің басшысы:

Бұл жерде мәселе біздің қаржы егер 18 673 адамға 10 айға жоспарланған болса, қазіргі таңда 20 173 адамды емдедік. Жоспарға сәйкес науқастарды емдеп шығуымызға байланысты бөлінген қаржаға сәйкес біз уақыта екі бөлімшенің жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болдық. 2 Нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлерін уақытша еңбек демалыстарына жіберілді, қалған дәрігерлер өз еркілерімен ақысыз демалысқа кетті, ал қалған медбикелер басқа бөлімшелерге орналастырылды.

Қазір аурухана қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен МӘМС қорының Алматыдағы филиалымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер қосымша қаражат бөлінсе ми потологиясы және омыртқа жотасына ота жасайтын бөлімшелер қайта ашылуы мүмкін. Қазір олар тек шұғыл түрде келген науқастарды ғана қабылдап жатыр. Ал, жоспарлы түрде қабылдауға жазылғандарға басқа ауруханаларға баруға тура келеді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу