Бішкек қаласында халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкек қаласында халықаралық конференция өтті

17.11.2023

Биыл Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толды. Атаулы датаға орай Бішкек қаласында халықаралық конференция өтті. Жиынға қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұлы жазушының шығармашылығын екі халықтың «алтын көпірі» деп атады. Ол алып тұлға әлемдік әдебиет тарихында гуманизмнің және адамгершілік құндылықтардың символы ретінде үлкен құрметке ие екеніне назар аударды. Шыңғыс Айтматов -- әлем халқына ортақ тұлға. Оның шығармалары адамның ізгі қасиеттерін және тұлғаның бақытқа, бостандық пен әділеттілікке деген ұмтылысын дәріптейді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Шын мәнінде Адамзаттың Айтматовы атанған қаламгер – қазаққа да ортақ тұлға. Жазушының есімі Қазақ елінде де айрықша құрметпен аталады. Біз Айтматовтың тұлғасы мен шығармашылығын – қазақ-қырғыз байланысының рухани көпірі деп қабылдаймыз. Сондықтан көрнекті тұлғаның мерейтойына арналған конференцияға қатысу, қаламгердің есімін ұлықтап, мұрасын дәріптеу біз үшін де үлкен абырой.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу