Бұл - Мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандырар «Мың бала» жобасынан көрініс болатын. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен республикалық шара өз мәресіне жетті.
Жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өткізілді. Вокалистер, домбыра мен қобызда орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша іріктелді. Ал өлеңді мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациясы аясында бақ сынады.
Биыл жобаға 320 мыңнан аса бала қатысты. Өңір-өңірдің ең мықтысы деп танылған 35 жеткіншекке марапат табысталды. Жеңімпаз атанғандардың бірі – 10 жастағы Батыс Қазақстандық Абдулла Ятаров. Ол тілді білу міндет ден санайды.
Абдулла Ятаров, Орал қаласынан келген жеңімпаз:
Маған анам барып қатыс деп айтты. Мен бағымды сынап, Астанаға келдім. Менің аталарым Қазақстанға 1912 жылы көшіп келді. Мен қазақ тілді білуім керек.
Қаракөз Тұрмағанбет