Елімізде Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Қазір құрылымы мен жарғысы дайын. Құжат жақын арада Үкімет қарауына ұсынылады. Ұлттық гидрогеология қызметі жерасты суын басқару мен іздестіру-барлауды және мемлекеттік мониторинг саласындағы саясатты жүзеге асыруды ұйымдастырады. Гидро қорды тиімді пайдалану мәселесі де ерекше бақылауда болады. Болжам бойынша, Қазақстанда жерасты суының көлемі шамамен 40 текше-шақырымды құрайды, оның ішінде 15 текше километрі– пайдалануға дайын қорлар. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10% ғана.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/184794/)