Израиль әскерилері «әш-Шифа» аумағынан Хамасқа тиесілі туннель шахтасы мен қару-жарақ толы автокөлікті тапқанын мәлімдеді. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, қарулы топтың кепіліндегі азаматтар шабуыл кезінде ауруханада болды деуге негіз бар.
«Әш-Шифада» науқастармен бірге жүздеген босқын пана тапқан. Израиль Газадағы ең ірі ауруханада әскери операцияны осы аптада бастады. Мақсат – Хамастың командалық пункті мен жетекшілерін және қару-жарағын жою. Алайда, Хамас ауруханаға жасырынбағанын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы