Демографиялық өсім ел экономикасына оң серпін бере ме? Айбар Олжаймен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демографиялық өсім ел экономикасына оң серпін бере ме? Айбар Олжаймен сұхбат

16.11.2023

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аумағы бойынша 1991 жылдан бері халық саны өскен екі мемлекеттің бірі болып отыр. Ал енді демографиялық өсім ел экономикасына оң серпін бере ме? 

Айбар Олжай, экономист:

Жалпы, соңғы 10 жылдағы жағдайға қарасақ, халық саны өсіп келе жатқан және халық саны көп елдерде экономика қарқыны жоғары болған. Ол екі нәрсемен түсіндіріледі: біріншісі – ішкі тұтынымның жоғары болуы, екінші – халық саны көп жерге өнідіріс ошақтарының көптеп келуі, себебі жұмыс күшінің сәлде болса арзандау болуы және бәсекеге қабілетті жұмыс күшінің болуы. Сондықтан бізге халық санының өсуі экономикалық жағынан өте маңызды. Екінші бір маңызды мәселе – экономикалық белсенді халық саны. Бізге осы экономикалық белсенді халық санының көбейгені керек. Себебі қазір біз халық саны 20 млн десек, оның 9 млн-ы экономикалық белсенді халық тобына жатады. Осы экономикалық белсенді халық санының 10 миллионнан асқаны керек. Қалған категорияны асырайды.

Халық саны өсуі мен кедейлік қатар келеді. Себебі әлеуметтік көмек, жұмыс орны жетпей жатады. Кедейлік қақпанына түспеу үшін не істеу керек?

Айбар Олжай, экономист:

Жалпы дүниежүзілік банк осыған қатысты өз зерттеулерін жасады. Оған сәйкес, халық саны көп елдерде кедейлік проблемасы бар. Көп елдер кедейлікке қарсы бағдарламасын әзірлеп, оны шешкен. Кедейлікке қарсы күрес бағдарламасы біздің елде де қабылдауны керек. Ол шағын бизнеске барынша жағдай жасау, оларды салықтан босату, тағы да басқа преференциялар беру. Сондықтан бізде де осы кедейлік қақпанына түсіп қалмау үшін әр адамға жұмыс істеп, қаржы тауып, өзін асырауына мүмкіндік беру керек. Негізгі басты бағыт осы.


Хабарламаларға жазылу