Халық санының өсуіне үлес қосып келе жатқан көп балалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бар. Мемлекет баспананы бірінші кезекте «Алтын алқа», «Күміс алқамен», I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға береді. Сонымен қатар көпбалалы аналар бірқатар салықтар мен мемлекеттік баждарды төлеуден босатылған. Мемлекет үш балаға дейін 131 100 теңге жәрдемақы, төртінші және одан да көп балаға – 217 350 теңге төлейді. Ал жаңа туған бала бір жарым жасқа толғанға дейін анасы жұмыс істемейтін болса, 19 872 теңгеден 30 705 теңге төленеді. Үш баладан кейін егіздерді дүниеге әкелген ақтаулық Дана Шағзадаева, мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдердің жыл сайын өскеніне разы.
Дана Шағзадаева, Ақтау қаласының тұрғыны:
Осы егіздер туылғалы жағдайымыз жақсарып, үйіміздің ырыс-несібесі көбейіп, күйеуімнің де жұмысы жақсарып келе жатыр. Әр бала өз несібесімен туылады. Балалардың жәрдемақысы да өздеріне жетіп жатыр. Біз сияқты жастар халқымыздың, еліміздің санын көбейтуден қорықпау керек. Үлес қосу керек.