58 млрд теңгеден аса қаржыға оффтейк-келісімшарттар жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

58 млрд теңгеден аса қаржыға оффтейк-келісімшарттар жасалды

16.11.2023

Бүгін Астанада халықаралық форумы өтіп жатыр. Оның аясында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 58 млрд теңгеден асатын бірнеше ұзақ мерзімді оффтейк-келісім-шарттар жасалды.

Ал шарада сөз сөйлеген ел Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптар қысқарып жатыр. Мысалы, қазірдің өзінде 9 мың теріс талап кеміген, енді жыл соңына дейін тағы мың ереже жойылмақ. Бұл форумға отандық жер қойнауын пайдаланушылар, халықаралық инвесторлар мен сарапшылар келген.

Ең басты мақсат – тараптар арасында диалог орнату және сол арқылы өндірістің өрісін кеңейту. Ал, премьер-министр сөз соңында бизнес өкілдерін өндірістерді локализациялау үшін белсенді жұмыс жасауға шақырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Ірі кәсіпорындар өздерінің жергілікті мазмұнын дамытудың бағдарламаларын қабылдауы тиіс.Оның ішінде ұзақ мерзімді оффтейк-контракттар жасасу негізгі құрал болуы тиіс.Сондай-ақ, кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударғым келеді. Біз шетелдік мамандарды алмастыратын өз кадрларымызды оқытуымыз қажет. Бұл тұрғыда ірі кәсіпорындарымыз оқу орындарына қамқорлық жасап, содан кейін түлектерді өздеріне жұмысқа алу керек.

Азамат Нұғыманов


Хабарламаларға жазылу