ІІМ: Бишімбаев ісінде тергеушілер ауысып жатқан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ: Бишімбаев ісінде тергеушілер ауысып жатқан жоқ

16.11.2023

Экс-министр Бишімбаев ісінде тергеушілер ауысып жатқан жоқ. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қылмыстық іске қатысты осылай деп пікір білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қозғалған істе үш тергеушінің ауысқаны жөнінде ақпарат шыққан болатын.

Айта кетейік, осыдан тура бір апта бұрын яғни, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық Экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айыппен ұсталған болатын. Ал осы істегі тергеушілерге қатысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары былай деп түсінік берді.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

Енді бірінші күні оқиға орнына арнайы тергеу группасы шығады. Ал ертеңгі күні алдын ала тергеу мәселелері асқа маманға тапсырылуы мүмкін. Бір адам ғана тергемейді. Топ болып тергеуі мүмкін.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу