Соңғы 30 жылда халық саны 22,3% өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 30 жылда халық саны 22,3% өскен

16.11.2023

Бүгін сағат таңғы 8:10-дағы статистика бойынша қазақстандықтардың саны 20 млн адамды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше соңғы 30 жылда елімізде халық 22,3% өскен.

Мәселен 1991 жылы Қазақстанның халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті.

Бала туудың ең жоғары көрсеткіші 2021 жылы тіркеліп, 446 мың баланы құрады. Жалпы өлім-жітім 1991 жыл мен 2022 жылды салыстырғанда 6,8 есеге төмендеді. Ал сәбилер шетінеуінің коэффициенті 3,5 есеге төмендеді.

2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1 әйелге 3 баланы құрады. Сондай-ақ былтыр, халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жылды құрады. Бұл ретте ерлер арасында 7 жылға, әйелдерде – 6 жылға өсті.

Ақмаржан Ғафиз


Хабарламаларға жазылу