Өскеменде кеше кешке үш оқушыны жеңіл көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан жарақат алған балалар ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер жасөпірімдердің өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады. Ал жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, бірқатар сараптамалар да тағайындалды.
Олжас Керейхан