«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты 4 шахта жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты 4 шахта жұмысын бастады

15.11.2023

Костенко шахтасындағы апаттан кейін уақытша жабылған «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты 8 кен орнының төртеуі қайта жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты есеп берген брифингіде мәлім етті.

Тамыз айында өрт шыққан «Қазақстан» кен орнында мамандар әлі тілсіз жаумен күресіп жатса, Костенко шахтасында үкіметтік комиссия жұмыстары әзірге аяқталмаған. Кен орнын қалпына келтіріп, қайта іске қосу үшін кемі 2,5 ай уақыт керек. Жұмысы уақытша тоқтатылған шахталардың ешқайсысын түбегейлі жабу жоспарда жоқ, деп атап өтті аймақ басшысы. Ал Костенкодағы апаттан кейін ауруханаға түскен кеншілердің төртеуі ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» тарабынан көрсетіліп жатқан қаржылай көмекке тоқтала кетті.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

Он жылдық жалақыны төлеу кезінде ол 3 млрд теңгеден асып отыр. «АрселорМитталдан» сондай қаражат бөлінді. 44 отбасы алды. Қалған екеуі қазір құжаттарын жасап жатыр. Несие бойынша айтып кетсек, 300 млн теңгеден аса несиелері жабылды. 


Хабарламаларға жазылу