Алматы облысына қарасты 63 мың халқы бар Ұйғыр ауданы Ұлттық валюта күнін атап өтті. Меркелік шара ұйымдастырылып, қаржыгерлер, ауданның өркендеуіне сүбелі қосқан азаматтар мен қайырымды істерімен көпке үлгі болып жүрген кәсіпкерлер марапатталды.
1993 жылы Қазақстан рубль аймағынан шығып, теңге айналымға енгенде Нұрәкім Есжан Ұйғыр ауданында экономист болып қызмет атқарған. Оның сөзінше, халық жиған-тергенін қапқа салып, төл валютамызға айырбастауға асыққан. Сол кезеңде 1 теңге 500 рубльге және 4 долларға парапар болған.
Нұрәкім Есжан, Ұйғыр аудандық мәслихатының депутаты:
Баяғы рублімізді алдын ала әрбір ауылда комиссия құрылды. Сол комиссияның мүшесі болдым. Соның бәрін жинақтап, хаттама толтырып, оның бәрін аудандық банкке әкеліп өткіздік. 15 күні біз сол қаржыларды алып, 500/1 қатынаспенен әркімнің үлесіне қарай сол күні төл теңгемізді таратып бердік. Осыдан тура 30 жыл бұрын 15 қараша күні біз ең алғаш қолымызға төл теңгемізді ұстап, иіскеп, соның бір керемет ләззатын алған болатынбыз.
30 жылда девальвация, инфляция теңгенің таразысын теңселтгені шындық. Дегенмен халық үшін оның құны түспеді. Тәуелсідік алып, банкноттарда ұлтымыздың ұлы тұлғалары бейнеленгенде қазақ халқының кедесін мақтаныш сезімі кернеген еді. Тіпті, бұқара оны егенмдіктің тұғырына теңеді.
Бота Елеусізова, Ұйғыр ауданының әкімі
Ұлттық валюта күні ол жалғыз біздің ауданға емес, жалпы елімізге маңызды күн. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерекелерді әрбір азаматтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өзіміз ұлықтап, мәнін, мазмұнын ұғындыру үшін осындай мерекелік шаралар ұйымдастырып жатырмыз.
Ұйғыр ауданында 6 мыңға жуық кәсіпкер бар. Олар жыл сайын жергілікті бюджетке 6 млр теңгеден астам салық төлеп қоймай, 8 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Мерекелік шарада сол кәсіпкерлердің еңбегі еленіп, аудан әкімдігі тарапынан алғыс хаттар табысталды. Бюджетті реттеп отырған қарсы саласының мамандары да түрлі марапаттарға ие болды.
Нұрсұлтан Тілектес