Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. «Рафах» өткізу пунктынан Мысыр аумағына 92 қазақстандық пен олардың отбасы мүшелері өткен. Оларға консулдық және психологиялық көмек көрсетілді. Еліміздің азаматтарын Газа секторынан шығару кезең кезеңімен өтеді. Бұл орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігімен жұмыс істеп жатыр. Азаматтарымыз Каирге жеткеннен кейін Қазақстан үкіметі оларға эвакуациялық борт жібереді.
Арай Төлегенқызы