Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген азамат ұсталды. Қалалық полицияның хабарлауынша, күдікті зардап шегушілерді ай сайынғы қажетті соманы төлеп отырамын деп сендіріп, автонесиеге рәсімдеуге көндіріп келген. Алайда, айыпталушы ақшаны алып, көлікті басқа адамдарға сатып, қаржыны қалауынша жұмсап келгені белгілі болған. Осы іске қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Қуан Нұрақын