38 млрд теңге қарызы бар: «Qazaq air» акциялары сатылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

38 млрд теңге қарызы бар: «Qazaq air» акциялары сатылмады

14.11.2023

«Самұрық-Қазына» 38 млрд теңге қарызы бар «QAZAQ AIR» әуе компаниясын сата алмады. Екі кезеңнен тұрған конкурс нәтижесі жарамсыз деп танылды. Бірқатар инвестор қызығушылық танытқанымен, байқау шартына сәйкес келетін өтінім түспеген. Байқау енді қайтадан ұйымдастырылады.

Негізі Qazaq Air әуе компаниясын Үкімет жыл соңына дейін жекешелендіруді жоспарланған еді. Байқауға қатысу үшін әлеуетті инвесторлар 173 млн теңге жарна төледі. Компания акцияларының ең төменгі бағасы 10 млрд 200 млн теңгеден басталды.

Сонымен бірге Qazaq Air-ді сатып алғысы келетін инвестор 2033 жылға дейін 38 млрд теңге қарызын өтеуі шарт. Бұл компанияның бес ұшақ үшін алған қарызы.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу