Түркістан облысының Састөбе елдімекеніндегі цемент зауытында жарылыс болып, 1 адам мерт болды. Денесін толықтай күйік шалған 53 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Одан бөлек, ауруханаға тағы екі жұмысшы жеткізілген. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Ерғали Сәдуақасұлы, Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Бірі 1695-жылғы, біреуі 1989-шы жылғы азаматтар. Біреуінде жүз пайыз күйік бар. Екіншісінде 70 пайыз. Барлық ем-тәмсілдерді қолданып жатырмыз. Әзірге жағдайлары өте ауыр.
Айнұр Әбілқасымқызы