Павлодар облысында шыбын-шіркейді улауға 9 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шыбын-шіркейді улауға 9 млрд теңге бөлінді

14.11.2023

Павлодар облысы шыбын-шіркейді улауға 9 млрд теңге жұмсамақ. Бұл қаржы алдағы үш жылға жоспарланған. Ал осы жылы зиянкестерді жоюға 1 млрд 200 млн. теңге бөлінген болатын. Соның өзінде, Ертісті жағалай қоныстанған өңір тұрғындары бұрынғыға қарағанда зиянкестердің азайғанын сезінген еді. Өйткені, улау жұмыстары тек қана, облыс орталығында емес, өзен суы жайылатын 4 ауданның аумағында жүргізілді. Қансорғыштарға тек, құрылықтан емес, су және әуе арқылы да соққы берілді. Келесі жылдан бастап дезинфекциялау жұмыстарының көлемі 27 мың гектардан 71 мың гектарға дейін ұлғайтылып отыр. Алдағы үш жылдың әр жылына 3 млрд теңге бөлу жоспарланған. Біра, мамандар бұл соншалықты көп қаржы емес дейді.

Әйгерім Қабылтаева, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

21-ші және 23-ші жылдарға 27 мың ғана гектарға 600 млн. Ол бес есе, 4,5 есе өсіп отыр. Бағасы да,  сәйкесінше, өсіп отыр. Авиаөңдеу көлемі жоғарылап отыр. Сомасы сондай қымбаттады деп айта алмаймыз. 


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу