Ақтөбе облысында 100-ден астам металлург баспаналы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 100-ден астам металлург баспаналы болады

14.11.2023

Ақтөбе облысында жүзден аса металлург жеңілдетілген бағдарламамен баспаналы болады. Бүгін «Қазхром» трансұлттық» компаниясы акционерлік қоғамы, Отбасы банк пен облыс әкімдігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Келісімді жүзеге асыру үшін аталған тараптардың әрқайсысы 700 миллион теңгеден қаржы бөліп отыр.

Қазір Ақтөбе облысы бойынша «Қазхром» трансұлттық» компаниясының 250 қызметкері үй кезегінде тұр. Енді жеңілдетілген бағдарлама арқылы олардың жартысына жуығы баспаналы болады. Алдымен, кезекте тұрғандарға басымдық беріледі.

Нұрлан Ақшанов, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:

Ипотекалық несие береміз. Пайыздық мөлшерлеме 5, алғашқы жарна – 10. Әкімдігі кезекте тұрған ERG жұмысшыларына басымдық беріледі.Ол көп балалы аналар және мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан жанұялар.

Үміткерлер тізімін «Қазхром» трансұлттық» компаниясы акционерлік қоғамының тұрғын үй комиссиясы жасайды. Бағдарламаға соңғы 5 жыл ішінде өзінің және отбасы мүшелерінің атында баспанасы болмаған, үйге мұқтаж қызметкерлер қатыса алады.

Данияр Рахматуллаев, «Erg» бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары:

Қор 110 отбасының баспаналы болуына жағдай жасайды. Бұл өте жақсы мүмкіндік. Қызметкерлердің жаңа үйлерден немесе екінші нарықтағы пәтерлерді таңдау мүмкіндігі бар. Отбасы банкінен берілетін займ көлемі 20 миллион теңгеден аспауы тіис. Ал одан қымбат пәтер алғысы келгендер қосымша қаржы салады немесе зейнетақы қорын пайдалана алады.

Осылайша биыл Ақтөбе облысында рекордтық көлемде, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл аймақтың инвестициялық мүмкіндігін арттырып , халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады. Жалпы, Отбасы банк арқылы күн сайын 250 азамат жеңілдетілген шартпен баспаналы болуда.

Аманжол Айтмағамбетов

Хабарламаларға жазылу