Ұлыбританияда Дэвид Кэмерон үлкен саясатқа қайта оралды. Корольдіктің бұрынғы премьер-министрі сыртқы істер министрі болып тағайындалған. Мұндай шешімді өз кабинетінде өзгеріс жасап жатқан қазіргі үкімет басшысы Риши Сунак қабылдады. Кэмерон саяси сахнадан 2016 жылдан бері көрінген жоқ. Ол өзі ұсынған «брексит» референдумында халық Британияның Еуропа одағынан шығуына дауыс бергеннен кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Арыстан Рысбек