Альпинистер өліміне қатысты күдікті қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альпинистер өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

14.11.2023

Астанада осыдан бір ай бұрын құрылыс алаңында биіктен құлап жазым болған альпинистердің өліміне қатысты күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында жұмыс беруші, яғни жеке кәсіпкердің қызметкерлері қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазанның 12 күні елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде 4 бірдей өндірістік альпинист биіктен құлап, жұмысшылардың біреуі оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екеуі ауруханада қайтыс болды.

Қаракөз Кенжебаева


Хабарламаларға жазылу