Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

14.11.2023

Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген «Көктөбе» тұрғын үй кешені бұзылып жатыр. Әлеуметтік нысан Шәмші Қалдаяқов және Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Мердігер мекеме ескертулерге қарамастан үйдің іргетасын құйып, бірінші қабатын тұрғызған. Заңды елемеген құрылыс компаниясының иесі әкімішілік жауапқа тартылды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу