Ұлттық банк төрағасы Президентке теңгенің 30 жылдығына дайындық барысын баяндады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы Президентке теңгенің 30 жылдығына дайындық барысын баяндады

13.11.2023

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Тимур Сүлейменов ақша-кредит саясатының нәтижесі мен цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жөнінде есеп берді. Сондай-ақ, ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығына арналған дайындық барысын баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.


Хабарламаларға жазылу