Жамбылда астан ұшынған барлық бала ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда астан ұшынған барлық бала ауруханадан шықты

13.11.2023

Жамбылда астан ұшынған барлық бала ауруханадан шықты. Өткен апта 28 бала ауруынан айыққан болса, қалған 5 оқушы осы демалыс күндері үйіне жіберілді.

Дәрігерлер 16 бала мен 17 қыздың жағдайы жақсы, ешқандай шағым жоқ деп отыр. Ал 82 білім нысанына қызмет көрсететін Тоқсейтіов атымен тіркелген жеке кәсіпкерге қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. Әзірге, оқушылардың нақты неден уланғаны анықталмады. Бұған дейін облыстық Ұлттық сараптама орталығы тамақ өнімдерінің сынамасын алған болатын. Мамандар қорытындысы 2 күннен кейін дайын болады дейді облыстағы санитар мамандар.

Еске салайық, 7 қараша күні Байзақ ауданы, Киікбаев гимназиясында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан ұшынып қалған болатын. Салдарынан 70-ке жуық адам ауруханаға түсіп, 35-і жатқызылды. Оның екеуі мұғалім. Науқастардың барлығы мектеп асханасынан ас ішкен.

Жандос Рысқұлов, Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

Аурханадан шыққанымен, барлығының шағымдары жоқ. Анализдері бәрі дұрыс. Ал қалған анализдері осы аптада дайын болады. 

Хабарламаларға жазылу