Петропавлдағы 66/37 әскери бөліміне қарасты «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері абайсызда атылған оқтан қайтыс болды.
Оқ сержант Чужиковтың ішіне тиген. Әріптестері жаралы адамды ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Марқұмның соңында әйелі мен балалары қалды.
Мейіржан Қасымжанов, Петропавл горнизонының әскери прокуроры:
Бүгінгі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс Петропавл горнизонының әскери прокуратурасымен бақылауға алынды.