Италияда Этна жанартауы айналаға қып-қызыл шоқ шашып жатыр. Одан шыққан түтін Сицилия аралының аспанын тұмшалады. Отты таудың атқылауы Катания әуежайының жұмысына әсерін тигізбеді. Терминал қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Этна - Еуропадағы ең биік әрі ең белсенді жанартау. Ол ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген.
Арай Төлегенқызы