Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды

11.11.2023

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды. Халықаралық дода Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен. Оған Германия, Үндістан, Иран, Кувейт, Сауд Арабиясы секілді 10 елден 140-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль иеленіп, командалық есепте үздік атанды. Екінші орында Иран. Олардың қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар. Үшінді орында 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері тұр.

Айя МҮТӘЛІ


каратэ спорт азия чемпионаты

Хабарламаларға жазылу