АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин алдағы сәрсенбіде кездесетін болды. Бұл мәліметті Ақ үй әкімшілігі растап отыр. Әлемнің ең ірі экономикаларының жетекшілері Калифорнияда жүздесіп, сауда-саттық, Тайвань проблемасын және шиеленіскен өзара қатынастарды талқылайды.
Қытай сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Си Цзиньпин Құрама Штаттарға сейсенбі күні аттанып, Сан-Францискода Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады. Екі лидер кездесуі сол жиын аясында өтейін деп отыр.
Арыстан РЫСБЕК