Бүгіннен бастап Израиль армиясы Газа секторының солтүстігінде күніне 4 сағаттық гуманитарлық үзіліс жариялап отырады. Бұл шараның мақсаты – бейбіт тұрғындардың қауіпті аудандардан кетуіне мүмкіндік беру. Мұны Ақ үй әкімшілігі хабарлады. Вашингтон мәлімдегендей, Израиль осы уақытта Газада әскери операция жүргізбеуге уәде берген. Бұл соғыс қазанның 7-де басталды. Содан бері палестиналық анклавта Израильдің әуе соққыларынан 10800 бейбіт тұрғын мерт болды. Олардың 40 пайызы – бала. Ал Израиль 1400-дей адам жоғалтты. Ал 240 азаматы кепілдікке алынып, әлі босатылған жоқ.
Арыстан Рысбек